Қостанай облысының ПД-де тапаншадан үздік оқ атушы анықталды
Қостанай облысының ПД-де тапаншадан үздік оқ атушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының Полиция департаментінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ішкі істер органдары қызметкерлері арасында атыс бойынша жарыс өтті.
Жарыс бағдарламасы ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының төрағасы Виктор Чернявский ашылу салтанатында барлық қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі, сондай-ақ жарыс ережелері мен қауіпсіздік шараларын жеткізді.
Турнирге облыстың ПД, Қостанай қаласы ПБ-ның 40-қа жуық қызметкері қатысты. Олар Макаров тапаншасынан жаттығулар жасап жарысқа түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орынды Марат Мамаев, 2 орынды Әзімжан Байзрахманов, 3 орынды Қайрат Әшімов иеленді. Әйелдер арасында бірінші, екінші, үшінші орындарды – Екатерина Деткова, Хадиша Мырзағалиева, Әйгерім Күнтазина иеленді.
Ерекше көзге түскен қызметкерлер мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.