Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейі боранда адасып қалған шопанды тапты

Қостанай облысының учаскелік инспекторы боранда адасып қалған шопанды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қаңтарда Арқалық қаласына жақын орналасқан Жаңақала ауылының учаскелік инспекторына ауылдық округ әкімінен жергілікті шопан мал іздеуге кеткені және бірнеше сағаттан бері байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Учаскелік иснпектор Ілияс Бекзатов іздеуді ұйымдастырып, қысқа уақыт ішінде ауылдан жеті шақырым жерде жоғалып кеткен адамды тапты. Қатты боранда ол тоңазып қалып, үйіне қайтар жолды таба алмаған.

– Мен табынды іздеуге шыққанмын, оны таба алмадым және ауылдан тым алысқа кетіп қалыппын. Боран соғып, жол нашар көрінгендіктен, кері жолды таба алмадым. Мен енді қозғала алмай, бір орында тұрып қалған кезімде, біздің учаскелік инспектор Ілияс Бекзатов мені қызметтік көлікпен тауып алды. Іздеу ұйымдастырып, қиын жағдайда қалдырмағаны үшін оған көп рақмет, – деді Хамит Ахметжанов.

Учаскелік инспектор бұл ауылда бірнеше жылдан бері өмір сүреді және өз учаскесінің аумағын жақсы біледі. Бұл оған тез бағыт алуға және адамды табуға көмектесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру