Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері секс-притон қызметін тоқтатты

Қостанай облысының полицейлері секс-притон қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«STOP-Трафик» операциясы барысында Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру дерегін анықтады.

– 57 жастағы сауна әкімшісі күдікті ретінде ұсталды. Жедел қызметкерлер оның облыс орталығының сауналарының бірінде жеңгетайлықпен айналысқанын анықтады. Ұзақ уақыт бойы ол әртүрлі жастағы қыздарды тауып, оларға толық құпиялылықты уәде ете отырып, жақын қызмет көрсеткені үшін ақшалай сыйақы ұсынып отырған. Келісілген уақытта клиенттер келіп, қыздарды интимге тартып отырған, – деді ҰҚҚКБ бастығы Серік Байгонов.

Саунаны тінту кезінде полицейлер қолма-қол ақша, телефондар, клиенттер тізімі бар журналдарды және дәлелді маңызы бар басқа заттарды тәркіледі.

Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 309-бабына сәйкес бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Қостанай облысы ПД қызметкерлері «STOP-трафик» жедел алдын алу шарасы кезінде Қостанайда жезөкшелікпен айналысуға арналған үй-жайларды ұсынған төрт массаж салонының иесін және Рудный қаласындағы 1 сауна иесін анықтады.

Олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру