Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері студенттік жатақханаларға профилактикалық рейд жүргізді

Қостанай облысының полицейлері студенттік жатақханаларға профилактикалық рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда ең маңызды міндеттердің бірі – жасөспірімдерге тыйым салынған заттарды қолданудың қауіптілігі туралы кезекті рет еске салу.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Айгүл Ераділованың айтуынша, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 340 келі түрлі есірткі, оның ішінде 10 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленген.

Рейд барысында полицейлер студенттерге парақшалар мен брошюралар таратып, есірткі таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы айтып берді.

Оқу орны әкімшілігінің және студенттердің келісімімен қызметтік иті бар полицейлер жатақхананың барлық бөлмелерін аралап шықты. Осы жерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның барысында тәртіп сақшылары келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Қостанай облысының ПД ҚР Үкіметі бекіткен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын белсенді іске асырып жатқанын ведомствода атап өтті.

Стратегиялық құжатта тек полиция ғана емес, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің барлық бағыттары нашақорлықтың алдын алу және елдің генофондын сақтау секілді аса маңызды мәселеде көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру