Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері жолаушыларға жоғалған құжаттарын табуға көмектесті

Қостанай облысының полицейлері жолаушыларға жоғалған құжаттарын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Горбаченко отбасы Қостанайдан Ресей Федерациясына шығып, жол бойында жанармай құю станциясының бірінде тоқтады. Обаған БӨП шекарасына жетіп, құжаттардың жоғалғанын анықтады.

Жолаушылар артқа кері қайтуға мәжбүр болды, олар құжаттарын жанармай құю бекетінде жоғалттық деп ойлады. Отбасы Ұзынкөл кентіне жеткеннен кейін полиция қызметкерлері қоңырау шалып, құжаттар оларда екенін хабарлады.

Полиция қызметкері Бауржан Данияров пен Рүстем Кубеков патрульдеу бағытында болды. Полицейлерге Троебратное кентінің тұрғынынан жолдан құжаттарды тауып алғаны туралы қоңырау келіп түсіп, ол құжаттарды кейіннен тәртіп сақшыларына бергені туралы хабарлады.

Полицейлер телефон нөмірін орнатып, табылған құжаттар туралы отбасына хабарлады. Құжаттар иелеріне беріліп, Горбаченко отбасы жолын жалғастырды.

Қостанай тұрғындары полиция қызметкерлеріне жедел әрекеттері үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру