Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полициясы өткен жылғы атқарылған жұмысты қорытындылады

Барлық басқармалардың, қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің қатысуымен өткен жедел кеңесте Қостанай облысы Полиция департаментінің 2022 жылғы жедел-қызметтік қызметінің нәтижесі қорытындыланды. Тәртіп пен заңдылықтың жай-күйіне ерекше назар аударылды. ІІМ кеңейтілген алқасында айтылған тапсырмаларды іске асыру бойынша шаралар белгіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков Қостанай полициясының жұмысына клиентке бағдарлану қағидаттарын енгізуге, қызметкерлердің кәсіби сауаттылығын, құзыреттілігін арттыруға назар аударды. Ауылдық жерлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Қостанай облысы ПД бастығының айтуынша, мал ұрлығы бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ «қадамдық қолжетімділіктегі полиция» қағидаты шеңберінде учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін жергілікті шерифтер қызмет көрсетілетін учаскеде тұрып қана қоймай, әмбебап полиция қызметкері болуы шарт.

Бұл бағыт басты қағидаға айналып жатыр. Полиция департаментінде Қостанай облысында 2023-2026 жылдарға арналған Үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленді. Ол кадрлық әлеуетті дамыту, әдеп стандарттары мен коммуникациялық дағдыларды оқыту жөніндегі шараларды көздейді. Жиналыста қылмысты алдын алудың маңыздылығы белгіленді. Бұл мәселеде бұрын сотталған адамдардың мас күйінде отбасылық-тұрмыстық салада жасаған қылмыстарын анықтауға баса назар аударылды.

ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк негізгі көрсеткіштерді атап өтті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 16%-ға төмендеді. Қылмыстың төмендеуі полиция қызметінің маңызды бағыттары бойынша да байқалады – бұл қоғамдық орындарда 18,7 пайызға, көшелерде 24,7%-ға, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс 19,8%-ға  төмендеген. Өз сөзінде ол отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Алексей Милюктің айтуынша, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басым бағыттары қатарында.

ЖКО саны 1,3%-ға және жараланғандар саны 6,3%-ға азайғанына қарамастан, қаза тапқандар саны 12,4%-ға өсті. Қорытынды кеңес барысында азаматтардың мәселелерін жедел шешудің, одан әрі бюрократиядан арылуды қамтамасыз етудің, интернет-алаяқтықтардың алдын алудың, қызметкерлердің кәсібилігін арттырудың маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру