Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полициясы жол қозғалысын бақылауды күшейтті

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері. Қостанай облысының полициясы жол қозғалысын бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күрделі апаттық жағдайға байланысты Қостанай облысының полициясы жол қозғалысын қадағалаудың жаңа әдістерін енгізуді жалғастырып жатыр.

Негізгі патрульдік нарядтардан басқа, аймақтың жолдары мен көшелерінде «жасырын патрульдеу» әдісі бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтайтын 10 арнайы қызметтік автокөлік жүреді.

Олар Оракул Инсайт автоматты фото-бейне түсіру кешенімен жабдықталған.

Ең алдымен, кешен адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ауыр зардаптарға әкелетін қауіпті жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейді. Бұл жылдамдықты бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, жол белгілерін елемеу.

Полицейлер автоматты есептегіш көлік санатын өздігінен анықтайтынын атап өтті.

Мысалы, қала сыртындағы автожолдарда жеңіл автомобильдерге сағатына 100 шақырым жылдамдықпен, жүк көліктеріне сағатына 70 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен және автобус жүргізушілеріне сағатына 90 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

Жолдарды қадағалау идеясын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қолдады. Олар автожолдарға ескерту билбордтарын орнатты.

Жасырын патрульдеу арқылы рұқсат етілген жылдамдықтан асып кетудің 800-ден астам фактісі тіркелді.

Полицейлер жүргізушілерді ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру