Қостанай облысының ҚАЖД-ға қарасты мекемелерінде 26 сотталған аттестат алды
Қостанай облысы ҚАЖД-ға қарасты мекемелерінде 26 сотталған орта білім алғандығын растайтын аттестат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жаза басып қателескендер үшін маңызды оқиға. Аттестат алу арқылы олар одан әрі білімін жетілдіру мүмкіндігіне ие болды және мұны болашақта жақсы өмірге қосылудың алғашқы қадамы деп есептеуге болады. Мекттепті бітіру туралы аттестат алу білім беру бағдарламасының сәтті аяқталғанын растау ғана емес, сонымен бірге мақтаныш және соталғандар үшін жігерлендіру.
26 сотталғанның орта білімді аяқтағаны туралы құжатты алуы Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемелерде білім беру бағдарламалары арқылы сотталғандарды оңалту және әлеуметтендіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқандығын айғақтайды. Мұндай бастамалар сотталғандардың болашағын жақсартуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін және олардың қоғамға толыққанды мүше ретінде оралуына көмектеседі.
Аттестаттармен марапаттау сонымен қатар білімнің жағдайға қарамастан барлығына қол жетімді екендігінің дәлелі. Білім беру өмірді өзгертудің және жаңа мүмкіндіктер жасаудың кілті бола алатындығының тамаша мысалы. Білім беру жолының сәтті аяқталуы сотталғандардың алға жылжуына және жаңа биіктерге ұмтылуына түрткі болады.