Қостанай облысының тұрғыны телефонын жедел тауып берген полицейлерге алғыс айтты
Қостанай облысының тұрғыны телефонын жедел тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 14 желтоқсанда ЦУМ сауда үйінде жұмыс істеп жүріп, көрші бутикке кіріп, телефонын сөреде қалдырып кеткен. Біраз уақыттан кейін ол смартфонның жоғалғанын білді.
Оқиға орнына келген полицейлер камералар арқылы бөтен адамның смартфоның иемденіп алған жас жігітті анықтады.
– Жазбаны мұқият қарап шыққаннан кейін біз қаланың оқу орындарын іздей бастадық. Себебі ер адам сыртқы түр келбеті бойынша студентке ұқсады. Біз бірнеше оқу орындарын аралап, білім ордаларының басшылығына бейнені көрсеттік. Жоғары оқу орындарының бірінің әкімшілігі өз оқушыларын таныды, – деді Қостанай қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.
Полиция телефонды иесіне қайтарып берді. Ол өз кезегінде полиция қызметкерлеріне жеделдік үшін алғысын білдірді.