Қостанай ПД бастығының орынбасары қарағандылық курсанттарға дәріс өткізді
Болашақ тергеушілерге арналған дәрісті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Қайрат Дүйсембеков өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ Академиясының тыңдаушыларына қылмыстық процестің алдағы үш буынды жүйесі туралы айтылды. Мамандар өздерінің кәсіби қызметі туралы баяндап, тергеу әрекеттерін жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде курсанттар тергеушілердің қызметтік іс-әрекетінің ерекшеліктеріне үлкен қызығушылық танытты, қылмыстық істер бойынша іс жүргізуге, қылмыстарды тергеуге байланысты көптеген сұрақ қойды.
– Түсіндіру науқаны ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. Біз курсанттарға Мемлекет Басшысының Жолдауын толық жеткіздік, – дейді полиция полковнигі.
Кездесу соңында полковник академияның болашақ тергеушілеріне үлкен үміт артатынын атап өтті.
Қайрат Сыздықұлы ішкі істер органдарында қырық жылға жуық қызмет атқарып келеді, оның отызы тергеу саласында. Кездесу аясында тәжірибелі тергеуші Қарағанды академиясының курсанттары үшін арнайы дәрістер өткізді.
– Жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық істерді тергеудің ерекшеліктері тақырыбында дәріс өткіздім. Сондай-ақ, тергеу әрекеті, қылмыс орнын тексеру тәртібі және тергеу кезінде жіберілмейтін қателіктер туралы айттқ. Курсанттарға осындай іс – шараларға қатысу пайдалы деп ойлаймын, – деп атап өтті Қ.Дүйсембеков.