Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері кәріз люктерін ұрлаған күдіктілерді анықтады

Қостанай полицейлері кәріз люктерін ұрлаған күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 мамыр күні Урицкий көшесі 9 және Темірбаев көшесі 14 мекенжайы бойынша орналасқан үйлердің аулаларында белгісіз адамдар кәріз люктерінен 2 металл қақпақты ұрлап кетті.

6 мамырда Тәуелсіздік көшесі 170 мекенжайындағы үйдің ауласынан осындай қылмыс тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық басқарманың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Жәнібек Каипов пен Әли Нұрғалиев темір қабылдау пункттерінің бірінде екі жергілікті тұрғынды ұстады.

Екеуі де жоғарыда аталған металл люктерді ұрлады деген күдікпен танылды. Бұл әрекеті үшін екі жергілікті тұрғынның мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Ұрлық фактісі бойынша оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру