Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері өзін-өзі өлтірмек болған қызды құтқарды

Қостанай қаласының тұрғыны облыстық ПД Жедел басқару орталығына хабарласып, 33 жастағы қызының өзіне-өзі қол жұмсамақ ниетпен гаражға кіріп, есігін іліп алғаны туралы айтқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анасы қызының мекенжайын көрсетіп, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Аталған хабарлама патрульдеу бағытында жүрген полиция қызметкерлері Амангелді Сыздықов пен Мүсілім Исабаевқа берілген.

Оқиға орнына дереу жеткен аудандық полиция бөлімінің инспекторлары үйдің ауласына кіріп, жабық гараждан машинаның жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының дыбысын естіген. Кішкентай терезе арқылы машинаның ішінде отырған қызды көрген олар терезені сындырып, ішке еніп, газ жұтқан қызды көтеріп, таза ауаға шығарған.

Кейін қыздың мұндай қадамға анасымен ұрысқаннан кейін барғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері екі әйелмен де профилактикалық әңгіме өткізді. 

Құтқарылған қыздың анасы полиция қызметкерлеріне кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру