Қостанай полицейлері Ресей азаматының өмірін аман алып қалды
Қостанай полицейлері Ресей азаматының өмірін аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 желтоқсан күні таңғы сағат 4 шамасында “102 “ пультіне Қобыланды батыр мекен-жайы бойынша туыстары арасында жанжал болғандығы туралы шақырту келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының 62 жастағы азаматы Қостанайға туыстарына келгенін анықтады. Кейінірек олардың арасында қақтығыс болғаны белгілі болды, содан кейін ол көшеге шығып, жартылай киінген күйінде белгісіз бағытқа кеткен. Қызметкерлер жоғалған адамды іздеу үшін дереу шаралар қабылдады.
– Ауданды аралағаннан кейін біз адамды таппадық. Қатты аязда далада, бөтен қалада және киімсіз адам қатып қалуы мүмкін. Сондықтан біз оны табуға барынша күш салдық. Шамамен бір сағаттан кейін кезекші бөлімнен белгісіз ер адам Тобыл өзенінің маңындағы жеке сектордағы үйлердің бірінің есігін қақты деген қоңырау келіп түсті. Белгілер жоғалған шетелдіктің сипаттамасына сәйкес келді, – деп атап өтті полиция қызметкері Мұрат Иманбаев.
Шамамен орналасқан жеріне барған полицейлер жалаңаш аяқтың іздерін байқады. Ізбен жүру нәтижесінде адам үйлердің бірінен табылды. Ол қатты жаураған. Полицейлер жедел жәрдем шақырып, ол келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті. Тексеруден кейін ол туыстарына жеткізілді.
Ресейлік азамат полицейлерге уақтылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.