Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері шағын футболдан республикалық турнирде қола жүлдеге ие болды

Қостанай полицейлері шағын футболдан QAZAQSTAN QYZMET CUP турнирінде қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада мемлекеттік басқару субъектілері арасында шағын футболдан Қазақстан Республикасының QAZAQSTAN QYZMET CUP чемпионаты өтті. 

Турнирге республиканың түкпір-түкпірінен жиналған 20 команда қатысты, олардың арасында Астана қаласы, Қостанай және Қызылорда облыстарына қарасты полиция департаментінің құрамалары, түрлі республикалық ведомстволардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қызметкерлері, “ҚТЖ” ҰК АҚ, “Қазақтелеком” АҚ өкілдері және облыс пен қалалар әкімдіктерінің құрамалары болды.

Біздің “ДИНАМО” ПД құрамасы 7 ойын өткізді. Жартылай финалға өтіп, 3:1 есебімен ҰҚК командасын жеңді.

Қостанай қаласы “ДИНАМО” командасының құрамында ПД АжЖДБ бастығы Серік Исимбаев, ПД ҰҚҚІҚБ бөлімінің бастығы Арман Сексенов, ПД ЖҚАЖ қызметкерлері Әсет Кужамбетов, Азиз Тулекенов, Дмитрий Павлюк, Ерлан Әбдрахманов, Азамат Нұрахметов, Андрей Герфорт, Федоров ауданы Пб УҰИ полиция қызметкері Иван Завгородний, ПД штабының КБ жедел кезекшісі Әділ Бисенғалиев, Қостанай қаласы ПБ ППБ инспекторы Руслан Мұхамедин бар.

Турнирде команданың атынан ПД тылдық жабдықтау басқармасы бастығының орынбасары Арман Әліппаев қатысты.

Жалпы командалық жетістіктермен қатар, турнирде үздік ойыншылар да анықталды. “Үздік шабуылшы” атағына Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ қызметкері Әсет Кужамбетов ие болды, оның техникасы мен шабуылдары чемпионаттың сәніне айналды.

Чемпионатты ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шараның басты мақсаты – командалық рух пен ынтымақтастықты дамыту арқылы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал ететін жүйені құру болды.

Турнир 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру