Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына атсалысты

Қостанай полицейлері "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына үн қосты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес республика көлемінде экологиялық жағдайды жақсарту, аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыруды көздейтін "Таза Қазақстан" кең ауқымды экологиялық акциясы бастау алды. Бұл бастамаға Қостанай облысының тәртіп сақшылары да белсенді түрде атсалысты.

Атап айтқанда, Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды. Арнайы белгіленген аумақта 30-дан астам жас көшет егілді.

Іс-шара ұйымшылдық пен ынтымақтың айқын үлгісіне айналды. Табиғатқа жанашырлықпен қарауға, жасыл желекке қамқор болуға үндейтін бұл бастама экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті арттыра түсті.

— Әрбір адам Қазақстанның таза әрі жасыл болашағы үшін өз үлесін қоса алады. Облыс тұрғындарын осындай пайдалы бастамалардан шет қалмауға және табиғатты қорғауға бағытталған шараларға белсенді қатысуға шақырамыз, — деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Мұндай игі істер тек табиғатты көркейту үшін ғана емес, қоғамның қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын нығайту жолында да маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру