Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері ЖКО-ға ұшыраған шетелдік азаматтарға көмектесті

Қостанай полицейлері ЖКО-ға ұшыраған шетелдік азаматтарға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Амангелді ауданының полиция бөліміне 23 тамызда сағат 16:00-де Әулиекөл – Жалдама автожолында ЖКО орын алып, көлік кюветке шығып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Амангелді ауданының полиция қызметкерлері келіп, жүргізушінің рөлге ие бола алмай ЖКО жасағанын анықтаған. Көлікте Ресейден Қырғызстанға бара жатқан бес қырғыз азаматы болған.

Полицейлер жүргізуші мен жолаушыларға көмек көрсетіп, Амангелді ауылына орналастырып, тамақтандырған. Автокөлік жөндеуге қойылып, ал көрші елдің азаматтары үйлеріне автобуспен жіберілген. Шетелдік азаматтар полицейлерге көмек көрсеткені үшін алғысын жаудырып кеткен. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру