Қостанай полицейлері жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқты анықтады
Қостанай полицейлері жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі желіде алаяқтықпен айналысқан күдіктіні ұстады.
– Бұрын сотталған 28 жастағы ер адам krisha.kz сайтында пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру бойынша хабарландыру берген. Жәбірленушілерден өз шотына алдын ала төлем алғаннан кейін ол клиенттердің нөмірлерін бұғаттап отырған, – деді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров
Жалпы, күдіктінің жәбірленушілерге келтірген шығыны бір млн теңгеден асатын алаяқтықтың 20-дан астам дерегіне қатысы бар болуы мүмкін. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат алған.