Қостанай қаласының тұрғыны патрульдік полицейлерге алғысын білдірді
Қостанай облысының полицейлері көшеде әйелдің сөмкесін тартып алған қаскүнемді ұстап, жәбірленушінің алғысына бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері әйелдің сөмкесін тартып алған қаскүнемді жарты сағат ішінде ұстады. Полицейлердің кәсіби шеберліктеріне риза болған Қостанай қаласының 58 жастағы тұрғыны облыстың бас полицейі Бекет Аймағамбетовтың атына алғыс хат жазды.
Оқиға 15 жылдың 2021 қаңтарында Съянов көшесінде болған. Қостанай қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дәулет Төлегенов пен Берік Шаяхметов патрульдеу барысында әйелді жығып, сөмкесін тартып әкеткен 34 жастағы қаскүнемді «ізін суытпай» ұстаған. Сөмке иесіне қайтарылды.
Зардап шеккен азаматша полиция қызметкерлерінің шапшаңдықтарын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.