Қостанай теміржол вокзалында полиция қызметкерлері есірткіге қарсы акция өткізді
Қостанай теміржол вокзалында полиция қызметкерлері есірткіге қарсы акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай қаласында теміржол вокзалының аумағында «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранымен «Есірткісіз болашақ» атты кең ауқымды акция ұйымдастырылды.
11 қыркүйекте Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ТЖ вокзалында есірткіні қолданудың салдары және олардың заңсыз айналымы үшін ҚР заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ақпараты бар брошюралар мен парақшалар таратты.
Бөлімше қызметкері Айгүл Ераділова Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімімен бірлескен акцияның басты мақсаты жас ұрпақты профилактикалық ақпаратпен қамту екенін атап өтті.
– Буклеттер мен парақшалар пойыз вагондарында, оларды жөнелту алдында, сондай-ақ перрон алаңында таратылды. Іс-шара вокзалдың негізгі қызметіне кері әсерін тигізбей, жолаушылар мен күтушілерге кедергі келтірмейтіндей етіп өткізілді, – деп түсіндірді Айгүл Ерадилова.
Жыл басынан бері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 328 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.