Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда абаттандыру талаптарын бұзғандар жауапкершілікке тартылып жатыр

Қостанайда абаттандыру талаптарын бұзғандар жауапкершілікке тартылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда полиция қызметкерлері қар мен мұзды уақтылы тазаламауға байланысты абаттандыру қағидаларының бұзылуын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Алдын алу жұмыстары аясында полицейлер бекітілген аумақтарды аралап, дүкен иелеріне, кәсіпорындарға, жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің меншік иелеріне іргелес аумақтарды уақтылы тазалау қажеттігін түсіндіреді.

Барлық жауапты тұлғаларға тиісті хабарламалар табысталады. Полицияның мәліметінше, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, қар жауған сәттен бастап оны тазалау бойынша ешқандай шара қолданбай отырған азаматтар мен кәсіпкерлер анықталып жатыр. Осындай жағдай көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында да байқалады.

Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қолданылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес "Қаланың абаттандыру қағидаларын бұзу" бойынша жауапқа тартылды.

Қостанай полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Мақсұт Ералиев жүргізіліп жатқан рейдтердің негізгі мақсаты айыппұл салу емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Алдымен құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға ескерту жасалады, және көп жағдайда осыдан кейін анықталған кемшіліктер қысқа мерзім ішінде жойылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру