Қостанайда алкоголь сатқаны үшін 53 дүкен иесі жауапкершілікке тартылды
Қостанай облысында 53 дүкен иесі алкоголь өнімдерін сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сот барлығына субъектіге байланысты 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындады. Екі дүкен спирттік ішімдіктер сату лицензиясынан айырылды. 51 кәсіп иесінің лицензиясы 1 айдан 3 айға дейін тоқтатылды.
Мас күйінде жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полицейлер профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары алкогольді сатуға тыйым салу туралы бір жарым мыңнан астам хабарламалар мен жадынамалар таратты.
Профилактиканың арқасында өңірде мас күйінде жасалған қылмыс 17,2%-ға төмендеді.
Қостанай облысының ПД жиырма бір жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімін сатқаны үшін жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК мөлшерінде айыппұл мен лицензияны тоқтату көзделгенін атап өтті.
Мейрамханаларда, барларда және кафелерде сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін бөлшек саудада сатқаны үшін (этил спиртінің көлемдік үлесі отыз пайыздан асатын) келесі күні сағат 21:00-ден 12:00-ге дейін жеке тұлғаларға – 10 АЕК шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК мөлшерінде айыппұл және лицензияның қолданылуын тоқтату жазасы қарастырылатын болады.
Қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін полиция облыстың 3600-ден астам тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты.