Қостанайда бала күтуші жұмыс берушінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен
Қостанайда бала күтуші жұмыс берушінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Меңдіқара ауданының Боровское ауылында бала күтуші өзі жұмыс істеп жүрген отбасынан әйелдер мен балалардың алтын сырғаларын, неке сақинасын, алқа, сондай-ақ бас киімді ұрлап кеткен . Залал сомасы 85 мың теңгені құрады.
23 қарашада аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, үйден алтын бұйымдардың жоғалып кеткенін айтты. Ұрлық жасады деген күдікті сол күні қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталды.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол осы отбасында бала күтуші болып жұмыс істеген 20 жастағы қыз болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Меңдіқара ауданы ПБ бастығы Шәріп Нашкенов.
Күдікті кінәсін мойындады. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды.