Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда елік атқан браконьерлер ұсталды

Қостанай облысында полицейлер екі браконьерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қазанда рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Қарабалық аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Аққұдық ауылының маңында  «ВАЗ-21093» маркалы автокөлігін тоқтатқан, автомашинада Қарабалық кентінің екі тұрғыны болған, көлікті тексеру кезінде  жүксалғышынан сібір еліктері мен тіркелмеген мылтық табылды.

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер тіркелмеген мылтық пен «ВАЗ» автомашинасын тәркіледі.

– Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алуға және  жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен құстарды заңсыз аулағаны үшін азаматтарға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мемлекетке келтірілген залал өтеледі, – деп атап өтті облыстық ПД  табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы Ғазретғали Әлімғазин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру