Қостанайда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті
Қостанайда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
500-ден астам қостанайлық қаланың Сити-орталығына «Есірткісіз болашақ» ауқымды фестиваліне қатысуға келді.
Олар үшін 2 сағаттық мерекелік концерттік бағдарлама, кәсіби әншілердің, әртістердің және балалар би топтарының қойылымдары дайындалды.
Қостанайлықтар таныс әндерді бірге орындап, олармен бірге биледі.
Фестивальдің ең жас қатысушыларына ПД ЖҚАЖ және Қостанай облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметтік-іздестіру иттері қызметкерлерінің қойылымдары ұнады.
Сонымен қатар іс-шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына шығармашылық конкурстар, зияткерлік ойындар дайындады.
Айта кетейік іс-шараны Мирас МҮ өкілдері Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
– Жастардың кейбірінің арасында есірткі сұранысқа ие деп айтуға тура келеді. Оларды қабылдау және тарату – ересек, тәуелсіз және заманға сай болу деген қате түсінік бар кейбір адамдардың арасында. Егер сіз есірткі қолдансаңыз, есірткі сізді қолданатынын ұмытып кететіндер аз, – деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ерадилова.
Фестиваль барысында жүргізушілер қатысушылармен интелектуалдық ойын өткізді. Олар сұрақтардың жауабы шын әлде өтірік екенін анықтау қажет болды. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушылар сыйлықтар алды.
Мысалы есірткіні қолданатын адам өз ортасынан алшақтайды деген мәлімдемеде барлық қатысушылар бұл шындық деп айтты. Шынында да, бәрі мұндай адамнан аулақ болуға тырысады және ол нашақорлар мен қылмыскерлердің ортасында болады.
Фестиваль идеясын қаланың бірнеше спорт секциялары қолдады, олар жас каратэшілердің көрме қойылымдарын көрсетті.
Нарколог-дәрігер, «Қостанайдың жас көшбасшылары» ҮЕҰ төрайымы Гүлсім Бисімбаеваның айтуынша, нашақорлыққа ем жоқ. Кейде ауру жасырын түрге ауысады және ұзақ емдеуден кейін есірткіні кем дегенде бір рет сынап көрсе, ауру қайтадан өршіп, ауыр формаларға ие болады. Сондықтан есірткіні ұзақ уақыт қолданудан бас тартқан нашақор созылмалы ауру деп саналады.
Фестивальдің әр қатысушысына сыйлық ретінде қысқа жейделер, бас киімдер, шарлар таратылды. Сондай-ақ «Есірткіге жол жоқ» логотипі бар естелік сыйлықтар алды.
Фестиваль салауатты өмір салтын насихаттау және халықты есірткіні, оның ішінде олардың синтетикалық түрлерін қолданудың қауіптілігі туралы ақпараттандыру мақсатында өткізілді.