Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелеріне арналған семинар өткізілді

Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері зорлық-зомбылықтың кәмелетке толмаған құрбандарына психологиялық және заңгерлік көмек көрсету мәселесі бойынша отырысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырысқа адвокат Арайлым Аманқұлова, «Сенім» дағдарыс орталығының психологы Людмила Должикова, Қостанай облысы білім басқармасының балаларды әлеуметтік қорғау бөлімінің әдіскері Аида Сүлейменова және Қостанай қалалық прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры Азель Құсайынова қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Адвокат Арайлым Аманқұлова кәмелетке толмаған зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық және заңгерлік көмек көрсету орталықтарын құруды ұсынды, онда осындай жағдайға тап болған балаларға білікті психологиялық және заңгерлік көмек алуға мүмкіндік туады.

– Арнайы орталық құрылған жағдайда осындай жағдайларға тап болған балалар мемлекет есебінен психологиялық және заңгерлік көмек алу мүмкіндігіне ие болмақ. Көбінесе балалары жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған отбасылар психологтың қызметіне ақы төлей алмайды, – дейді адвокат.

Сондай-ақ қатысушылар кәмелетке толмағандарды сексуалдық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тиімді жұмыс үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою қажеттігі туралы мәселені көтерді.

Осыған байланысты психолог Людмила Должикова білім беру жүйесі мен құқық қорғау органдары арасындағы бірлескен жұмысты жолға қою мәселесін атап өтті.

– Отырысқа қатысушылармен бірге жыныстық зорлық-зомбылықты анықтау кезіндегі әрекеттер алгоритмі, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың кәмелетке толмаған құрбандарына уақтылы көмек көрсету тетіктері әзірленді. Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмаған баланың психологиялық денсаулығын қалпына келтіру бойынша бірыңғай орталық құру мәселелері талқыланды, – дейді әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Жұлдыз Кабенова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру