Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда көктайғақ: абай болыңыз

Қостанай облысында ауа райының құбылуына байланысты көктайғақ күтіледі,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының аумағында ауа райы жауын-шашынды және температураның ауытқуы орын алды. Төтенше жағдай Департаменті автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерді осы қолайсыз кезеңде өте сақ болуға шақырады. «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметіне сәйкес ағымдағы жылдың 27 ақпанында Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Төменгі деңгейде боран күтілуде. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/сек соғады. Күндіз кей жерлерде қар мен боран күтілуде. Мұндай ауа райы көктайғақ пен қар қатуына ықпал етеді.

Бұл автомобиль жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.Соның алдарынан жол-көлік оқиғалары санының өсуі ықтимал.

Ұзақ жолға шығарда, ауа райы жағдайлары мен жол жағдайын барынша ескеру керек, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін (жылдамдық режимі, қашықтық, бағдаршам сигналдары) мүлтіксіз сақтау қажет.

Автожүргізушілерге қысқы дөңгелектерін ауыстыру ұсынылады.

Сіздің қауіпсіздігіңіз көбінесе автомобильдің техникалық жағдайына байланысты екенін есте сақтаңыз. Жаяу жүргіншілер жолдар мен тротуарларда тайғақ екенін есте сақтау қажет, сондықтан олар қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармау керек.

Қатты көктайғақ кезінде қауіпсіздік мақсатында Қостанай облысы ТЖД алыс сапарлар мен саяхаттардан бас тартуды ұсынады. Еліміздің барлық аймақтарында қол жетімді «112» немесе «101» құтқару қызметінің нөмірлерін есте сақтаңыз, оны теру үшін сим – карта және нөмірдегі теңгерім қажет емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру