Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда көлікті сәйкестендіру нөмірінсіз басқарған жүргізуші ұсталды

Қостанайда көлікті сәйкестендіру нөмірінсіз басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қостанай қаласының Абай көшесінде «Қауіпсіз жол» акциясын өткізу кезінде патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Бақтияр Айтмұрза мен Азамат Бекмағамбетов ресейлік нөмірлі Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты.

– Базовая көшесін айналып өтіп, біз Toyota Alphard көлігін тоқтаттық. Құжаттарды тексеру кезінде VIN-коды тексерілді. Көлік жүргізушісін одан әрі тексеру үшін Оңтүстік полиция бөліміне жеткіздік, ал көлік арнайы тұраққа шығарылды, – деді полицей Бақтияр Айтмурза.

Ер адамның айтуынша, ол көлікті сатып алу-сату шартынсыз сатып алған, қолында тек көліктің куәлігі ғана бар. Аталған факті бойынша ҚК-нің 386-бабының 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын қолдан жасау, жою) бойынша сот-тергеу басталды.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыстың ПД патрульдік полиция роталары сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау және жоюдың алты фактісін, құжаттарды қолдан жасаудың бір фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру