Қостанайда колонияға тыйым салынған затты кіргізу әрекеті тоқтатылды
Қостанай қаласындағы №38 орташа қауіпсіздік мекемесінде тыйым салынған затты жеткізу әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖ департаментінің қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бірлесіп сәлемдемені тексеру барысында телефон тауып, тәркіледі.
Аталған жағдай ҚАЖД мекемелеріне келіп түсетін сәлемдемелер мен бандерольдерді мұқият тексерудің, қырағылықты күшейтудің маңыздылығын тағы бір дәлелдеді. Себебі тыйым салынған заттар, әсіресе телефондар түзету мекемелеріндегі тәртіпке елеулі қауіп төндіреді.
Қазіргі таңда бұл сәлемдеме кімге бағытталғаны анықталып жатыр. Сонымен қатар телефонды жеткізуге қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл дерек заңға сәйкес тіркеліп, тиісті тексеру басталды.
№38 мекеме әкімшілігі мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында бақылау шараларын күшейтті. Ұлттық ұланмен бірлескен түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сәлемдемелер мен бандерольдерді мұқият қарап шығу, тыйым салынған заттарды анықтау бағытында жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады.