Қостанайда орта қауіпсіздік мекемесінің сотталғандары арасында спорттық іс-шара өтті
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қостанай қаласының ҚАЖД-ға қарасты № 38 орта қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында спорттық іс шаралар өткізілді – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталғандар арқан тарту, тартылу, армрестлинг, гір көтеру, шағын футбол сияқты спорт түрлерінен бақ сынасты.
Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, қызықты ойындар ойнады, команданың эмоциясы мен спорттық рухы толықты. Апта бойы сайысқан қатысушылар іс-шара соңында жүлделі сыйлықтарды алды.
Сондай-ақ №38 мекемеде футболдан жарыс өткізілді, оған сотталғандардың барлық топтары қатысты.
Марапаттау рәсімін мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е. Миржанова жүргізді. Жалпы командалық 1 орынды № 7 отряд иеленіп, бағалы сыйлық – тоңазытқышпен марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға Қостанай жастар ресурстық орталығының марапаттары да табысталды.