Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер ерекше ролик дайындады

Қостанайда полицейлер ерекше ролик дайындады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кейде ең қарапайым сөздер жан дүниені тереңінен қозғап, үлкен әсер қалдырады. Бейнебаянымыздың кейіпкері — қызметінде сәтсіздікке ұшырап, шаршаған, тіпті сүйіктісінен айырылып қалған полиция қызметкері. Бәрі үмітсіз көрінген сәтте — бәрі өзгерді.

Ол күтпеген жерден мектеп оқушысынан хат алады. Ол бұл полицейді ешқашан көрмесе де, бірақ шын жүректен оған сенім артады. Бұл — жай хат емес, бұл — болашаққа жолданған сенім хаты. Онда полицей мамандығының әділет, қорған және үміт символы екені айтылған.

“Болашаққа хат — менің қаһарман полицейіме” — әрбір полиция қызметкеріне өзінің не үшін осы жолды таңдағанын еске салады.

Көріңіз. Сезініңіз. Есіңізде болсын: ең қиын сәттерде де біреу сізді батыр ретінде көреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру