Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер еріктілермен бірге есірткі жарнамаланған граффити жазуларды жойды

Қостанайда полицейлер еріктілермен бірге есірткі жарнамаланған 120-дан астам граффити жазуларды жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткіге қарсы акция “Есірткіге жол жоқ” ұранымен өтті.

Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мен Қостанай жоғары экономикалық колледжінің еріктілері аэрозольді бүріккіштерді алып, Строительный көшесіндегі үйлердің ауласындағы және 5, 7 шағын аудандарды аралап шықты.

Полицейлер көп қабатты үйлердің қабырғаларында, қараусыз қалған ғимараттар мен кейбір ұйымдардың қоршауларының бетон қабырғаларында тыйым салынған құралдардың жарнамасы табылған қаладағы орындарды алдын ала зерделеді. Олардың көпшілігі туралы тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғындар хабарлады.

Бірнеше сағат ішінде науқанға қатысушылар 120-дан астам жарнаманы жойды.

Акция ауқымды болды, оны облыстың қалалары мен аудандары да қолдады.

ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел уәкіл Айгүл Ераділованың айтуынша, бұл облыс орталығында өткен ағымдағы жылғы алтыншы науқан.

– Мұндай жазуларды қалдыру арқылы, есірткі сатушылар делдалдарсыз есірткі сатып алу әдісін ұсынады. Тұрғындардың осындай жазуларға бей-жай қарамайтындығының арқасында жазуларды жою жұмыстары белсенді жүргізілуде. Адамдар осындай граффити-жарнамалар бар мекен-жайларды бізге үнемі хабарлап отырады, – деді ол.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп 400-ден астам жазуды жойған. Осындай іс-шараларға 200-ге жуық ерікті қатысты.

Ведомствода есірткі құралдарын заңсыз өткізу туралы граффити суреттерін салу ҚР ҚК-нің 299-бабында көзделгендей, есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын еске салады. Баптың санкциясы 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру