Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер есірткі тарату арнасын әшкереледі

Қостанайда полицейлер есірткі тарату арнасын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері 47 жастағы костанайлық тұрғынның пәтерінен өзіне тән иісі мен түсі бар өсімдік тектес зат салынған бірнеше түйіншекті тәркіледі.

Медициналық куәландыру күдіктінің каннабиноидтар қолданғанын растады.

Сарапшылар тәркіленген заттың гашиш екенін және оның салмағы 200 грамнан асатынын анықтады.

Есірткі құралдарын заңсыз сақтау және сату мақсаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция мұндай көлемдегі тыйым салынған зат — қала көшелеріне таралуы мүмкін жүздеген доза екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру