Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер мектеп оқушыларына ерлік сабағын өткізді

Қостанайда полицейлер ерлік сабағын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектепте оқушыларға арнап ерекше іс-шара – ерлік сабағы ұйымдастырылды.

Кездесудің қонағы Қостанай облысы ПД Қарабалық ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Әміржан Топалов болды. Ол балаларға өзінің қызметтік тәжірибесі жайлы баяндап, оқушылардың жадында сақталатын оқиғасын бөлісті.

Қысқы демалыс кезінде офицер көршісімен бірге Қарабалық кентінде улы газдан тұншығып қалған әйел мен жасөспірімді құтқарып қалған.

– Пәтерге кіре алмадық, иелеріне хабарласу да мүмкін болмады. Содан соң терезені сындырып, ішке еніп, зардап шеккендерді сыртқа шығардық. Кейін оларды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық, – деп еске алады полицей.

Оның айтуынша, үй ішінде газдың өткір иісі шығып, жарық болмаған. Ол дереу газды жауып, терезелерді ашып жіберген. Кейін белгілі болғандай, пештің сорғышы қатып қалып, газ бөлме ішіне тарап кеткен. Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Әміржан Топалов "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Оқушылар офицердің әңгімесін қызыға тыңдап, полиция қызметі мен жеке өміріне қатысты көптеген сұрақ қойды. Балалар оның ерлік оқиғасынан үлкен әсер алып, болашақта полицей болуға ниет білдіргендері де болды.

– Сабақ мазмұнды, өте әсерлі әрі пайдалы өтті, – деп бөлісті 10-сынып оқушысы Власий Овчинников.

Мұндай кездесулер жасөспірімдерге полиция қызметінің маңызын түсінуге, сондай-ақ қиын жағдайда көмекке келетін жандарға құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру