Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер мен еріктілер 120 есірткі граффитиін жойды

Қостанайда полицейлер мен еріктілер 120 есірткі граффитиін жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда қоғамдық орындарда есірткінің таралуына қарсы күрес бойынша кезекті акция өтті. "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында 100-ге жуық ерікті мен полиция қызметкерлері есірткі ұсынатын сайттардың жарнамасы бар 120 есірткі граффитиін жойды.

Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Айгүл Ераділова бұл акция биыл бесінші рет өткенін атап өтті. Ол сондай-ақ есірткіге қарсы күрес қоғамның барлық салаларының белсенді қатысуын талап ететінін жеткізді.

- Біз еріктілерді, қоғамдық ұйымдарды және қала тұрғындарын тарта отырып, осы бағытта белсенді жұмыс істеуді жалғастырамыз. Бұл біздің есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі жұмысымыздың маңызды бөлігі, - деді ол.

Есірткі граффитиін жоюға арналған акциялар тұрақты түрде өтеді. Нәтижесінде өткен жылы 3 мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылды. Бұл әрекеттер әсіресе жастар арасында есірткінің таралуын және оларды насихаттауды айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

Полиция барлық азаматтарды бей-жай қарамауға және 102 телефоны немесе 8-747-050-35-78 сенім телефоны арқылы есірткі граффитиінің таралу жағдайлары туралы хабарлауға шақырады.

Бірлескен күш-жігермен ғана қаланы болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз етуге болатындығын есте ұстаған жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру