Қостанайда полицейлер оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді
Қостанайда полицейлер оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласындағы №23 мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс жасаудың негізгі ережелері еске салынды, жиі кездесетін жол жағдайлары талданып, жаяу жүргіншілердің жолдың жүріс бөлігінің маңында және жаяу жүргіншілер өткелінде өзін қалай дұрыс ұстауы керектігі түсіндірілді.
Жолды қауіпсіз кесіп өту, қиылыстар мен аула аумақтарында мұқият болу, жарық қайтарғыш элементтерді пайдалану, көлік жанында өзін ұстау ережелеріне тоқталып өтті.
Мұндай кездесулер балалардың жол қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыруға және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының тәуекелін азайтуға көмектеседі. Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
