Қостанайда полицейлер студенттерге есірткіге қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр
Қостанайда полицейлер студенттерге есірткіге қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай Автомобиль көлігі колледжінің жатақханасына барды.
9 қабатты ғимаратта еліміздің әр өңірінен жиналған 400-ге жуық колледж студенттері тұрады. Айта кету керек, олардың жартысынан көбі кәмелетке толмағандар.
Кездесу барысында оқу орнының өкілдері полицейлерге студенттердің тұру жағдайларын көрсетіп, жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды.
Профилактикалық әңгімелесу үшін студенттер жатақхананың кіші мәжіліс залында жиналды.
Басқарманың аға жедел уәкілі Манат Суентаев студенттерге синтетикалық есірткінің түрлері және олардың ағзаға зиянды әсері туралы айтты.
Алыс-жақын елдік-мекендерден жиналғандардың көпшілігі, тыйым салынған есірткінің бұл түрі туралы алғаш рет естігендерін айтты.
Полиция қызметкері мысал ретінде жеңіл ақша табуды көздеп, бірақ темір торға тоғытылған студенттер туралы айтып өтті.
Әлеуметтік желілерде сіздер заңсыз жұмыс туралы жарнамаларға тап болуыңыз мүмкін. Бұл жұмыс үшін олар ірі көлемде қаражат ұсынады. Жеңіл ақшаға келіспес бұрын, оның салдары туралы ойланған жөн.
– Қаржылық қиындықтармен өзіңізбен-өзіңіз қалмаңыз. Сіздер міндетті түрде басқа түскен қиындық туралы ата-аналармен, оқытушылармен бөлісуіңіз керек немесе бізге сенім телефоны арқылы хабарласа аласыздар. Тығырықтан шығатын жолды табуға болады, – деді Манат Суентаев студенттерге.
Есірткіні таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын және ұзақ мерзімге – 10 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтінін атап өтті полиция қызметкері.
Колледж әкімшілігі есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл мәселелерінде тәртіп сақшыларының бастамасын қолдады.
Келесі жолы полиция қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып студенттердің тұратын бөлмелерін тексереді.