Қостанайда полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді анықтады
Полиция қызметкерлері заңсыз аң аулау дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Октябрь ауылындағы бір жеке үйге тексеріс жүргізген.
Тексеру кезінде УАЗ көлігінен екі жабайы жануардың сойылған еті және тегіс ұңғылы АКС-366 мылтығы табылды.
Полицейлер күдіктілерді анықтап, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
