Қостанайда полицейлер зейнеткерлерді алаяқтардан құтқарып қалды
Қостанайда полицейлер зейнеткерлерді алаяқтардан құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
77 жастағы ер адам мен 67 жастағы жұбайы бар жинаған ақшасынан айырылып қала жаздаған. Белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, олардың депозиттік шоттары бұғатталғанын айтқан. Ақшаны сақтап қалу үшін зейнеткерлерге қаражатты қауіпсіз шетелдік қорға аудару қажеттігін айтып сендірген.
Күмәнданғандарына қарамастан, қарттар есепшоттарынан 3 миллион теңге шешіп, аударым жасау үшін банкке келген. Кассир әйелді төлемнің мақсаты — "дәрігерге алғыс" деген жазу бірден күдіктендірді. Ол мұны алаяқтық болуы мүмкін деп ойлап, дереу полиция шақырған.
Оқиға орнына киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері келіп, қарияларға олардың алдана жаздағанын түсіндірді, ақшаны қайта депозитке қайтарып, алаяқтардың нөмірлерін бұғаттады. Кассирдің қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында зейнеткерлер барлық жинақ ақшасын сақтап қалды.
