Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полиция балаларға арналған танымдық іс-шара ұйымдастырды

Қостанайда полиция балаларға арналған танымдық іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Заң мен тәртіп – балалық шақ қауіпсіздігінің кепілі" бағдарламасы аясында оңтүстік полиция бөлімінде іс-шара өтті.

Жас қонақтар үшін бөлім бойынша экскурсия ұйымдастырылып, қызметтік автокөліктер таныстырылды. Балаларға полиция қызметінің қалай жүзеге асатыны және оның азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі түсіндірілді.

Іс-шараның маңызды бөлігі — "Полиция қызметкері балалар көзімен" атты сурет байқауының қорытындысын шығару болды. Байқау "Этюд" көркемсурет студиясының тәрбиеленушілері арасында өткізілді.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ акт залында балалардың қолымен салынған Ғазиз Байтаcовтың портреті орналастырылып, оның ерлігі мен қызметіне деген құрмет көрсетілді.

—  "Заң мен тәртіп“ тұжырымдамасы аясында балалардың қауіпсіздігі — біздің басты басымдығымыз. Биыл — Қауіпсіз балалық шақ жылы, ал заң мен тәртіп — өсіп келе жатқан ұрпақты қорғаудың кепілі, — деді оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Жалғас Нұрахметов.

Аталған іс-шара полиция мен жас ұрпақ арасындағы ашық диалогты нығайтып, қауіпсіз балалық шақ ересектердің сенімі мен қамқорлығынан басталатынын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру