Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полиция мен риелтор мүлкінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді құтқарды

Қостанайда полиция мен риелтор мүлкінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді құтқарды Polisia.kz.

Костанайдың 64 жастағы тұрғыны интернеттен тиімді инвестициялар туралы жарнаманы көргеннен кейін алаяқтардың құрбаны болды. Жоғары табысқа уәде бергендерге сеніп, ол сілтемелерге өтіп, қылмыскерлерге 4 млн теңге аударған. Алаяқтар "салған қаражат көбейген сайын пайда артады", – деп сендіріп, әйелді психологиялық ықпалмен тағы 6 млн теңгені көршісінен аудартуға көндірген.

Жәбірленушінің жылжымайтын мүлкі бар екенін білген қаскөйлер одан әрі қадамға барып, пәтерін сатуға үгіттеген. Олар тіпті өздері риелторлық компанияға хабарласып, зейнеткердің көмекшілері ретінде танысып, пәтерді төмен бағаға жедел сатуын талап еткен. Риелторда бірден күдік туды. Себебі байланысқа үшінші тұлға шығып, асықтырады, баға да нарықтан төмен.

Оқиға орнына барған риелтор пәтер иесімен кездесіп, оның қысым астында тұрғанын байқап, дереу полицияға хабарлаған. Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел жетіп, әйелге оның классикалық инвестициялық алаяқтық схемасының құрбаны болғанын түсіндіріп, пәтердің сатылып кетуіне және соңғы мүлкінен айырылуына жол бермеді. Ірі көлемдегі интернет-алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция ақша аударылған тұлғалардың деректерін анықтады. Қазір олардың орналасқан жері анықталуда. Полиция тұрғындарға кездейсоқ сілтемелерден немесе әлеуметтік желілерден табылған "инвестицияларға" сенуге болмайтынын, кепілдендірілген табыс деген болмайтынын, ал кез келген асықтыру мен қысым — алаяқтықтың белгісі екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру