Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полиция қызметкерлері арасында самбодан облыстық чемпионат өтті

Қостанайда полиция қызметкерлері арасында самбодан облыстық чемпионат өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында самбодан облыстық чемпионат өтті. Турнир Қазақстан Республикасы “Динамо” спорт қоғамының 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Жарысқа облыстың әртүрлі аумақтық және ведомстволық бөлімшелерінен құралған 16 команда сапындағы 87 спортшы қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – полиция қызметкерлері арасында дене шынықтыруды дамыту және олардың кәсіби спорттық даярлығын арттыру.

Жекпе-жек жеті салмақ дәрежесі бойынша өтіп, жоғары ұйымдастыру деңгейімен ерекшеленді. Қатысушылар өздерінің күшін, шеберлігін және жеңіске деген жігерін көрсете білді. Белдесулер көрермендер мен спортшылар үшін шынайы спорттық шоуға айналды.

Аталған чемпионат Қарағанды қаласында өтетін ҚР Ішкі істер министрлігінің чемпионатына іріктеу кезеңі болды. 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды.

Мұндай турнирлер полиция қызметкерлерінің командалық рухын нығайтып, физикалық дайындық деңгейін арттыруға, сондай-ақ самбоны құқық қорғау органдары арасында танымал етуге зор ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру