Қостанайда полиция қызметкерлері Корея Республикасы елшілігінің өкілдерімен кездесті
Қостанайда полиция қызметкерлері Корея Республикасы елшілігінің өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде Корея Республикасының консулы Чжи Хэсун Қостанай облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дугпаевпен кездесті.
Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді қолдау мәселелері сөз болды.
Қостанай облысының полиция департаменті халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, қоғамдағы сенімді арттыруға және өңірде қауіпсіздікті нығайтуға дайын екенін жеткізді.