Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер Mercedes көлігін айдап кеткен жасөспірімді ұстады

Қостанайда полиция қызметкерлері Mercedes көлігін айдап кеткен жасөспірімді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілде күні кешкі уақытта Қостанай қаласында жылдамдықты асырған, жол қозғалысы ережелерін бұзған, қарсы қозғалыс жолағына шығып, бағдаршамның сигналдарын елемеген Mercedes-Benz автокөлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

Көлік туралы ақпарат барлық кезекші жасақтарға берілді. Шипин көшесінде автокөлік тоқтатылды. Рөлде 16 жастағы жасөспірім отырған, ал көлік ішінде оның құрдастары болған. Автокөлік ұрланған деп есепке алынғаны анықталды. Бұған дейін иесі үй ауласынан көлік жоғалғаны туралы полицияға арыз берген.

Кәмелетке толмағандар одан әрі тексеру үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар жасөспірімдердің ата-аналарын жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда.

Полиция қызметкерлері республика бойынша өтіп жатқан "Түнгі қаладағы балалар" акциясы жайлы еске салады. Бұл акция тек түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдерді анықтап қана қоймай, сонымен қатар одан да күрделі оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру