Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полиция жол және коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығын тексерді

Қостанай облысында суық маусым жақындаған сайын, жол және коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңге дайындығы пысықталып жатыр,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қараша күні Қостанай қаласындағы “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ базасында арнайы техникалардың бірнеше ондаған бірлігі тізбектеліп, қызметтер сап түзеді.

Қостанай облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жеңіс Бисембаевтың айтуынша, облыстағы автожолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері қысқа дайындықты егжей-тегжейлі тексерген. Жол техникаларының жағдайы, жылыту қоймалары мен материалдардың жеткіліктігі жіті бақылаудан өтті.

— Ауа райы күрт өзгерсе, кез келген уақытта шұғыл әрекет етуге дайынбыз. Қалың қар мен көктайғақ туындаған жағдайда жолдарға 99 арнайы техника шығарылады. Қазіргі уақытта 7 мың текше метрден астам құм-құмдақ қоспасы және 4 мың тоннадан астам тұз дайындалған, — деп атап өтті “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Андрей Горват.

Сонымен қатар ведомство қыс мезгілінде жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне жолдарда қардың жиналуы басты себептердің бірі екенін атап өтті. Осыған орай, жүргізушілерге көліктерін қысқы дөңгелекпен жабдықтауды кешіктірмеу қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру