Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда пробация есебіндегі азаматтарға арналған "ЖұмысLive" акциясы өтті

Қостанайда пробация есебіндегі азаматтарға арналған "ЖұмысLive" акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қаңтарда Қостанай облысында "ЖұмысLive" өңірлік акциясы өткізілді. Бұл акция пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға кешенді қолдау көрсетуге бағытталған.

Акция тек жұмысқа орналастырумен шектелмей, әлеуметтік, тұрмыстық және құқықтық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Оның басты мақсаты – азаматтарды қоғамға сәтті бейімдеу, әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыру және қайталама, құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Бұл шара кең ауқымды адамдарды қамтып, пробация есепбінде тұрған азаматтарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.Акцияға есепте тұрған соталғандар тарапынан 200 адам қатысып, керекті ақпаратпен хабардар болды.

"ЖұмысLive" акциясы – тек жұмысқа орналастыруға ғана емес, әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіз болашаққа жол ашатын кешенді қолдау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру