Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда ҚАЖД қызметкері өрттің өршуіне жол бермеді

Қостанайда ҚАЖД қызметкері өрттің өршуіне жол бермеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласында Хакімжанова көшесінде өрт шықты: моншаға бекітілген гараж өртенді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің мамандары, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының бригадасы дереу келді.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында 80 шаршы метр аумақтағы өртті оқшаулап,  ғимараттар мен көрші учаскелерге өрттің таралуына жол берілмеді.

Тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы Серік Кубеков, оқиға орнына жақын жерде жүрген, алайда абдырап қалмай, гараждағы жеңіл автокөлікті өз бетінше эвакуациялады. Ол түтінге толы бөлмеге кіріп, көлік құралын іске қосып, оны қауіпті аймақтан шығарып, айтарлықтай материалдық шығынның алдын алды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себептері анықталуда. Оқиға бойынша өрт зерттеуі тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру