Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда ҚАЖД қызметкерлеріне арналған шешендік өнері сабағы өтті

Қостанайда қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне арналған шешендік өнері сабағы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі "Шешендік өнер және тиімді коммуникация" тақырыбында тәжірибелік сабақ ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің көпшілік алдында еркін сөйлеу қабілетін дамыту, аудиториямен жұмыс істеу барысында сенімділікті арттыру және кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру болды.

Сабақ барысында қатысушылар шешендік өнердің теориялық негіздерімен танысып, сөздің психологиялық әсер ету құралдары, дауыс ырғағы мен ым-ишараны тиімді пайдалану тәсілдерін меңгерді. Сондай-ақ аргументация құру және тыңдаушыны сендіру әдістеріне ерекше назар аударылды.

Тәжірибелік бөлімде қатысушылар сөйлеу техникасын жетілдіруге, аудитория назарын сақтауға және ойды нақты, әсерлі жеткізуге бағытталған тренингтер мен рөлдік жаттығулар орындады.

Мұндай тәжірибелік сабақтар қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және қылмыстық-атқару жүйесі органдарының оң имиджін нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру