Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда сотталғандарға "Шекер" көркем фильмі көрсетілді

Қостанайда сотталғандарға "Шекер" көркем фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайта қылмысқа жол бермеу және сотталғандардың санасына оң өзгерістер енгізу мақсатында Қостанай облысы ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімімен бірлесіп, «Шекер» көркем фильмінің арнайы көрсетілімін ұйымдастырды.

Аталған фильмде қылмыстық ортаға тап болып, туыстарынан, әсіресе ана махаббатынан айырылған студенттің қайғылы тағдыры баяндалады. Көркем шығарма сотталғандардың санасына терең ой салып, дұрыс емес жолдың ауыр салдарын айқын көрсетеді. Бұл көрсетілім жазасын өтеушілермен тәрбие жұмысындағы маңызды қадам ретінде қабылданды.

Іс-шараға №38 түзеу мекемесінде есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан 40 сотталушы қатысты. Фильм көрсетілімі талқылаумен жалғасып, қатысушыларға моральдық құндылықтардың маңызын терең түсінуге және өз әрекеттері үшін жауапкершілік жүктеу қажеттігін сезінуге мүмкіндік берді. Мұндай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар түзелу жолына түсуге ықпал ететін маңызды құралдардың бірі екені сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру