Қостанайда студенттерге діни ағымдарды ұстанушылардың айла-шарғысына түспеу жолдары туралы айтылды
Қостанайда полицейлер студенттерге деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың айла-шарғысына түспеу жолдары туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы каникулға қарамастан, полиция қызметкерлері студенттермен профилактикалық жұмысты жалғастырып жатыр. Сонымен қатар олар рухани және құқықтық сауаттылыққа үйретуде.
Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің 150-ден астам студентін полиция қызметкерлері мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім өкілдері жинады.
Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел уәкілі Мадияр Клышбаев деструктивті діни ағымдарға тарту тәсілдері туралы айтып берді. Қазіргі уақытта деструктивті культтерге кіріп кетудің көптеген жолдары бар.
– Адамды әлеуметтік желілер арқылы тартуы мүмкін. Мұндай механизмге көбінесе жастар ілігіп жатады. Жасына байланысты жасөспірімдер мен жастарды қылмыстық әрекетке тарту әлдеқайда оңай, – деді ол.
Сонымен қатар, күдіктілер өз қатарларына күрес, бокс және жекпе-жек секілді спорт үйірмелері арқылы жастарды тартып жатады.
Полицейлер күмәнді ұсыныстар мен әлеуметтік желілердегі хабарламаларға жауап бермеуге және хат алмасудың құпиясын сақтауды талап етсе, мұқият болуға шақырады.