Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда студенттерге есірткіге қарсы профилактикалық акция өтті

Қостанайда студенттерге есірткіге қарсы профилактикалық акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетімен бірлесіп, студенттерге арналған профилактикалық акцияны спорттық жарыстар мен эстафеталар форматында өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнематериалдар мен "Закладка" фильмі көрсетілді. Акцияның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткі тұтынудың алдын алу, сондай-ақ студенттер арасында командалық рух пен бірлікті дамыту.

– Мұндай іс-шаралар студенттерге есірткінің зиянын түсінуге ғана емес, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға, салауатты өмір салтын нығайтуға және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға көмектеседі, – деді әлеуметтік және экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Александровна Чернышова.

Полиция қызметкерлері жастар арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру және заңсыз есірткі айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру